• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2016

Алып қолды үнділік үйінен кетуге мәжбүр болды (фото)

244 рет
көрсетілді

Үндістанда тұратын Баблу есімді жігіт бір қолының өзгеше үлкен болуы себебінен үйінен кетіп қалуға мәжбүр болды. Мәселе мынада, ер кісі бозбала шағында локалды гигантизм деген өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Соның нәтижесінде бір қолы шамадан тыс үлкейіп кетіп, 20 кг салмақ тартатын дәрежеге дейін жеткен. Бірақ жасы 25-ке келгенде оны жын-перінің салқыны ұрған деп тапқан ата-анасы ұлдарынан бас тартады. Осыған қарап туған-туыстары да одан аулақ жүре бастайды. Осыдан кейін жігіт үйінен кетіп, Мумбай қаласына барып тұрақтайды. Алайда, ол мұнда да өзіне бөтен көзбен қарайтын адамдарды көптеп кездестіреді. «Мен үлкен қаладағы миллиондаған адамдардың арасына келіп, сіңісіп кетемін ғой деп ойлап едім. Бірақ мұнда да өзіме жат көзбен қарайтындарды кезіктірдім. Олар менің орасан зор қолымнан қатты сескенеді. Маған енді жұмыс тауып алу да оңайға соқпай тұр. Мынадай аурумен жұмыс табу оңай емес шығар», – дейді Баблу. Дәрігерлер оның қолына ештеңе жасай алмайтындарын анық айтыпты. Бейшараның кейпі дәл мынадай. Талғат Райымбек. Дерек, фото: nz1.ru.