Археологтар Ақмола өңірінен осындай жәдігер тапты
Ақмола облысында құнды жәдігер табылды. Кеңөткел елді мекеніне таяу жерде қазба жұмыстарын жүргізген археологтар сақ кезеңінен қалған тарихи олжаға тап болды.
Мәліметтер бойынша, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері алдымен жасөспірім қыздың сүйегін тапқан. Артынша алтын бұйымдары мен VII ғасырда қыштан жасалған заттары шыққан.
– Біз әлі зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Қолыма сирек кездесетін, алтыннан жалатылған түйреуіш түсіп отыр. Оған моншақтары қоса тізбектелген. Осыған байланысты біз қабірді қыз балаға тиесілі деген болжам жасадық, – деді Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы Серғазы Сәкенов.
– Бұл жерде ежелгі темір қорытушылар қызмет еткен. Біз көп нәрсені сол кезеңдегі тұрғындардың салған баспаналарының көлеміне қарап анықтап отырмыз, – деді Павел Кучеров есімді студент.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы