• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2016

Алимент өндіріп алушының құқығы қорғалды

477 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_47900" align="aligncenter" width="560"] Фото: altaynews.kz[/caption] Қызылорда қалалық прокуратурасы азамат А.Жакебаевтың борышкер Э.Нағымановадан алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаты бойынша алимент төлемі 2013 жылдан бастап есеп-шотына түспей жатқандығы жөнінде арызы негізінде тексеру жүргізіліп, өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық сотының 29.03.2013 жылғы шешімі негізінде А.Жакебаевтың пайдасына борышкер Э.Нағмановадан ¼ мөлшерде алимент өндіріліп, атқару парағы «Қызылорда қаласының алимент төлемдерін өндіру бойынша» мемлекеттік сот орындаушыларының аумақтық бөліміне 05.04.2013 жылы орындауға түсіп, мемлекеттік сот орындаушыларымен атқарушылық өндіріс қозғалған. Өз кезегінде, аталған атқару парағы 2013 жылдың қазан айында борышкердің жұмыс орны Қызылорда қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне жалақысынан ұстап отыру үшін жолданған. Атқарушылық өндірісті зерделеу барысында, мемлекеттік сот орындаушылары тарапынан атқарушылық әрекеттері уақтылы жүргізілмей, атқару құжатының орындалуы негізсіз созбалаңға салынғаны анықталды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-бөлігіне сәйкес, соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi және өзге де қаулыларының республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады делінген. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабында атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдары мен қаулыларының, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдері мен қаулыларының, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде осы Заңға сәйкес берілетін атқарушылық құжаттарды мiндеттi түрде және уақтылы орындау болып табылады делінген. Облыстық әділет департаментінің деректеріне сәйкес, 05.04.2013 жылы қозғалған атқару өндірісі бойынша 2013 жылдың қазан айынан 2014 жылдың тамыз айына дейін барлығы 51890 теңге ақша қаражаты борышкердің жұмыс орны қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі арқылы төленіп, бұдан әрі борышкердің жалақысынан өндірілуге тиіс ақша қаражаты департаменттің есеп-шотына келіп түспеген. Сонымен бірге, қалалық прокуратурамен қалалық білім бөлімінен 2013-2015 жыл аралығында төлем түбіртектері алынып, аударымдар сот актілерін орындау департаментіне түскен-түспегендігін анықтау мақсатында Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті арқылы салыстыру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің 04.12.2014 жылғы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ереженің 267 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың деректемелері дұрыс көрсетілмеген төлемдері немесе өткен жылдардың төлемдерін қайтарған жағдайда, төлемдерді 902 «өзара есеп айырысулар бойынша айқындалғанға дейінгі сомалар» шотына есептейді. Төлем қате аударылған жағдайда, сома ақша жөнелтушіге кері қайтарылады деп көрсетілген. Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің мәліметі бойынша қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі нәпаха төлеуші Э.Нағмановадан 2015 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығындағы төлемдер қазынашылық жүйесіне келіп түскен. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.08.2014 жылғы №933 қаулысының 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот актілерін орындау комитеті таратылып, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысының сот актілерін орындау департаменті Қызылорда облысының әділет департаментімен қосылуына байланысты қолма-қол ақша қаражаттарының бақылау есеп-шотының деректемелері 14.01.2015 өзгертілгендігін атап кеткен жөн. Сонымен қатар, Қызылорда облысының сот актілерін орындау департаменті Қызылорда облысы әділет департаментімен қосылмас бұрын, сот актілерін орындау департаментіне 2014 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығындағы аударылған ақша өндіріп алушы А.Жакебаевтың есеп-шотына аударылмағандығы анықталды. Демек, жоғарыда аталған мәліметтерге сәйкес, арызданушы А.Жакебаевтың есеп-шотына 2014 жылдың тамыз айынан кейін сомасы 135 354 теңге құрайтын алимент төлемдері түспегені айқын. Заңның 102-бабында, сот орындаушысы өндіріп алушының өтініші бойынша кез келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердің жалақысы мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады делінген. Мемлекеттік сот орындаушыларымен борышкердің жұмыс орнынан алимент мөлшерінің дұрыс ұсталып отыру жағдайына бақылау жүргізілмеген. Сол сияқты, мемлекеттік сот орындаушыға аталған дерек белгілі бола тұра, қалалық білім бөліміне жаңа банктік реквизит бүгінгі күнге дейін жолданбаған. Өндіріп алушы А.Жакебаевқа қатысты атқару өндірісі бірнеше сот орындаушылардың өндірісінде болғанымен, банктік реквизит ауысқандығы жөнінде тиісті мекемеге хабарланбаған. Осы орайда, заң бұзушылықтарға жол беріп, сот актісінің орындалуын ақылға қонымсыз себеппен созбалаңға салуына байланысты, атқару өндірісін орындауға жауапты мемлекеттік сот орындаушының қатаң тәртіптік жауапкершілігі шешу жөнінде ұсыныс енгізіліп, нәтижесімен кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктері шешілумен заң бұзушылықтар жойылған. Аян ӘБДУӘЛИ.