• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2016

Қауын-қарбыз экспортқа шығарылуда

1247 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданы эко­но­микасының күре­тамыры болып табылатын ауыл шаруа­шылығында тың жобалар, өркенді істер қанат жайып, жаңа инновациялық әдіс-тәсіл­дер бойынша жұмыс жүр­гі­зуге баса мән берілуде. Биыл ауданда 136,4 мың гектар суармалы егістіктің 83,5 мың гектарына мақта шиті орналастырылса, 27 мың гектарына бақша, 4,8 мың гектарына көкөніс, тағы басқа дақылдар егілді. – Қазірдің өзінде аудан ди­қандары мол өнімді саудаға шыға­рып үлгерді, – дейді Ділдә­беков ауылдық округі диқан­дарының қауын алқабында жолық­қан аудан әкімі Жамантай Бейсен­баев бізбен әңгімесінде. – Баға диқандар үшін өте тиімді болып тұр. Қауын-қарбыз еліміздің сол­түстік облыстарына және алыс-жақын шет мемлекеттерге жөнелтілуде. Ділдәбеков және Ералиев ауыл округтері диқандары біз барған күні Мәскеу және Белоруссияға алғашқы өнімдерін жөнелтті. Асқар ОМАРХАНОВ, журналист Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы
Соңғы жаңалықтар