• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2016

Қытайда сұрапыл дауылдан 78 адам опат болды

307 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48122" align="aligncenter" width="560"] Фото: 24.kz[/caption] Қытайдың Яньчэн қаласында соңғы жарты ғасырда болмаған дауыл жел тұрып, 78 адам қаза тапты. «Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тосын табиғат апатынан 500-ге жуық тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Жергілікті билік 200 адамның ауыр халде жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан опат болғандардың саны алдағы уақытта артуы мүмкін. Сонымен қатар, бірқатар елді мекендерде электр жүйесі істен шыққан. Цзянсу провинциясында жойқын дауыл жүріп, бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауды. Куәгерлердің айтуынша, аймақтағы көптеген көліктерді аударып, ағаштарды тамырымен жұлып кеткен. Ғимараттардың шатырларын құлатып, айтарлықтай шығын келтірген. China Daily басылымы дауыл желдің екі зауытты қиратып кеткенін хабарлады. Ал метеорологтар оның жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жеткендігін мәлімдеді. ТАСС ақпарат агенттігі Яньчэн қаласында 1966 жылдан бері мұндай табиғат апаты болмағанын хабарлады. Аян ӘБДУӘЛИ.