• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Кеңейтілген кеңес болды

309 рет
көрсетілді

Өткен сәрсенбіде Ақтөбе облыстық сотының ғимаратында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің, өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте облыстық соттың жаңа төрағасы таныстырылды. Іс-шараға Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстық соттарының төрағалары, облыс активі, өңір судьялары, Судьялар одағы филиалы мен Соттар әкімшісінің басшылары қатысты. Кеңесте сөз алған Қайрат Мәми заңға сәйкес Ерлан Айтжановтың облыстық сот төрағасы лауазы­мындағы бес жылдық мерзімінің аяқталғандығын және үстіміздегі жылғы 20 маусымдағы Президент Жарлығымен облыстық соттың төрағасы қызметіне Мұратқали Әке­тайдың тағайындалғанын мәлімдеді. Жоғарғы Сот Төрағасы жаңа­дан тағайындалған облыстық сот­тың төрағасын білімді заңгер әрі білікті басшы ретінде таныс­тырды. М.Әкетайдың облыс про­курорының орынбасары, облыс­тық соттың алқа төрағасы және Солтүстік Қазақстан облыс­тық соты­ның төрағасы лауазым­дарын­дағы жұмыстары аталып өтілді. Қ.Мәми облыстың сот жүйе­сін дамытуға қосқан үлесі үшін Е.Айтжановқа алғыс білдірді. Мем­лекет басшысының Жарлы­ғымен ол Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Кеңес аясында облыс соттары қызметінің, Сот әдебі жөніндегі комиссияның және Судьялар одағы филиалының үстіміздегі жылғы 5 айдағы жұ­мы­сының қорытындылары тал­қыланды. Жоғарғы Сот Төрағасы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көз­делген шараларды іске асыру ая­сында еліміздің сот жүйесіне енгі­зілген жаңалықтар туралы ай­тып өтті. Атап айтқанда, сот төре­лігі үш буынды жүйеге көш­ті. Жо­ғарғы Соттың жанында инвес­ти­ция­лық дауларды қарайтын маман­дандырылған алқа мен халық­аралық кеңес құрылды. Азамат­тық сот ісі­не прокурордың қаты­суы шек­телді. Біліктілік талаптары мен судьялық лауазымға канди­дат­тарды іріктеу тетіктері, психоло­гиялық тестілеудің рөлі күшей­тілді, полиграфологиялық зерттеу ен­гізілді. Жоғары Сот Кеңесі дербес аппараты бар автономды мем­лекеттік мекеме ре­тінде түбегейлі қай­та құрылды, Жоғарғы Сот жа­нын­дағы Сот төрелігі академиясы өз жұмысын жаңа мәртебеде бастады. Соттарда аудио-бейне тіркеу жүйесін енгізу мен қолдану бойын­ша белсенді жұмыс жүргізілді. Қ.Мә­ми үстіміздегі жылдың кү­зінде судья­лардың съезінде қа­был­да­на­­ды деп жоспарланып отырған жа­ңа Әдеп кодексі жобасының әзір­­лен­гендігін айтты. Кодекс жоба­сы республиканың судьялар қау­­ым­дастығымен келісілді және Жо­­­ғарғы Сот жанындағы халық­ара­лық кеңестің отырысында ма­құл­данды. Ол бойынша Еуропа­лық Ке­ңес­тің Венециялық комиссиясы сарап­шыларының қорытындысы алынды. Төраға барлық маңызды мем­лекеттік мекемелерді қор­ғауды кү­шей­туге, оларды қарау­дың заман­ауи құралдарымен, сапалы бей­не­бақылау жүйесімен жарақтандыру қажеттігіне назар аударды. Осы ретте аталған шаралар азаматтар үшін ың­­ғайсыздық туғызбауы тиістігі атап өтілді. – Судьялар мен соттар аппараттары қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Әри­не, мұндай жұмысты процес­ке қатысушылармен де жүргізу қа­жет. Осы бағыттағы ереже БАҚ-та кеңі­нен жарияланды. Оларды білу керек және құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет қызметкерлерінің осы жағдайдағы талаптарына түсіністікпен қарау керек, – деді ол. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Кеңесте облыс әкімі Б.Сапар­баев, жаңадан тағайындалған облыстық соттардың төрағалары, судьялар қауымдастығының өкіл­дері сөз сөйледі, бұл бағыттағы өз ойларын ортаға салды. АҚТӨБЕ
Соңғы жаңалықтар