• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

2016 жылғы талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру туралы

290 рет
көрсетілді

Кешенді тестілеуге өткен жылдардағы жалпы орта білім беру (орта жалпы) ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған оқушылар, оқыту тілі қазақ және орыс тілдерінде емес жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар қатысады. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш­тер 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен қабылдау жүргізіледі. Тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет: * бекітілген нысандағы бланктегі өтініш; * жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа); * тестілеуді өткізу үшін төленгені туралы түбіртек; * 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет; * 086-У нысанындағы медициналық анықтама; *жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Талапкерлердің кешенді тестіленуіне қатысу үшін төлем 2242 теңгені (қосымша құн салығын қоса есептегенде) құрайды және төлемді талапкерлер Қазпошта немесе Қазақстан Халық Банкінің бөлімшелері арқылы төлей алады. Ұлттық тестілеу орталығының реквизиттері: РГКП «Национальный центр тестирования» МОН РК 010011 г. Астана, пр. Победы,60 РНН 600300086081 БИН 000140001853 ИИК KZ536010111000001515 БИК HSBKKZKX КБЕ 16 АО «Народный Банк Казахстана». Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында 43 тестілеу өткізу пунктінің базасында (базалық жоғары оқу орындары), оның ішінде 3 өнер ұлттық ЖОО және 3 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО-да өткізіледі. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі. Әрбір пән бойынша тест тапсыр­маларының саны – 25. Әрбір тест тапсыр­масының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Кешенді тестілеудің нәтижелері тап­сырыл­ған күні көпшілік назарына ақпа­рат­тық тақталарда және Ұлттық тесті­леу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінеді. ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  
Соңғы жаңалықтар