• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2016

Оралда алаяқ әйел сотталды

274 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48716" align="aligncenter" width="560"] Фото: kaz.caravan.kz[/caption] Орал қалалық сотының үкімімен А.Сарбалина Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен (алаяқтық) айыпты деп танылып, мүлкін тәркіледі. Сонымен бірге оны екі жылға бас бостандығынан шектеді. Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметтері бойынша, сотталушы 2014 жылдың желтоқсаны мен 2015 жылдың ақпанында төрт адамға Оралдан жер телімдерін алып беруге жәрдемдесемін деген жалған сөздерімен ақшаларын алып, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен екен. inform.kz-тің хабарлауынша, жәбірленушілерге 1 миллионнан теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда ол кінәсін толық мойындады. Сот үкім шығарған кезде сотталушының айыбын мойындап, өкінгендігін, оның жасын, тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген оң мінездемені ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Темір ҚҰСАЙЫН.