• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2016

Күн тәртібі нақтыланды

188 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат бюросының отырысын өткізді, онда Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік коми­теті Қазақстан мен Ауғанстан ара­сын­дағы Азаматтық қорғаныс, төтен­ше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласын­дағы ынтымақтастық туралы үкімет­аралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын пысықтауға және қорытынды әзірлеуге жауапты болып белгіленді. Қаржы және бюджет комитеті «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және оған ілеспе «Қа­зақ­­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне төлем­­дер және төлем жүйелері мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­­тырулар енгізу туралы» заң жоба­лар­ына бас комитет болып белгіленді. Бюрода палатаның 2016 жыл­ғы 29 маусымда болатын кезекті отырысының күн тәртібіне ұсы­ныс­тар да енгізілді. Отырысқа, атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайда­лануға арналған егемендік құқық­тарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманың ратификациясы енгізілді. Сенат одан басқа төлемдер мен төлем жүйелері туралы және заңнамаға төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым) заң жобаларын қарайтын болды.