• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2016

Тақырдан су шығарады

237 рет
көрсетілді

Алдағы жылдары елі­мізде қабылданған «Өңір­лерді дамыту-2020» бағ­дарламасы аясында облыста 226 ауыл орталық­тандырылған су жүйесіне қосылмақшы. Біздің аймақ­та осы жылғы бағдар­ламаға енген 20 ауылдың арасында Тақыр да бар екен. Баймолдин ауылдық аумағына қарасты Тақыр, Тереңкөл, Баймолда ауылдарында 747 адам, бар-жоғы 232 отбасы тұрады. – Мал-жан аман, енді геологтар жер қазып, су шығарып береміз деген еді, оны, әри­не, қуана, асыға күте­міз. Ауыл­дарға ең керегі су мен жол ғой, сонда халық орнығып осы жерлерде қ­ала береді, – дейді ауыл тұрғындары. Ал бұған Тақырдың су қорын зерттеуге келген «Павлодар гидрогеология» ЖШС геолог мамандары тереңдігі 50 метр шамасында неогенді су белдеу деңгейі, ал тереңдігі 200 метрге дейінгі қабатта палеогенді су белдеу дең­гейінде су қоры бар деп жақсы мәлімет беруде. Гидрогеологтар Тақырдың су қоры 25 жылға жетеді деп болжайды. Ұңғыма секундына 12 литр су бер­мек­ші. Ауылдың оған деп қажеттілігі секундына 4 литр­ді құрайды деп есептеп, жобалап та қойыпты. Облыстық жер қой­науын пайдалану, қор­шаған орта және су ресурстары басқармасының мәлі­метінше, жерасты су­лары қорын барынша пай­­далану мақсатында тұ­щы су көздерін зерттеу жұ­мыс­тары қолға алынды. Бүгінде 396 ауылдың 110-ында жерасты су қоры бары анық­талыпты. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданының – 5, Екі­бастұздың – 7, Ақсудың 3 ауылына жаңа бағдарлама бойынша жерастынан су шығарылып беріледі деп күтілуде. Ал басқарма мамандары ұңғыманы қазу және зерттеу ұзақ уақыт жүр­гізілетіндіктен, барлау жұмыстарын 2017 жылдың соңында бітірмекші. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Лебяжі ауданы