• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2016

Ұйыммен ықпалдастықтың ұтымды көрінісі

288 рет
көрсетілді

Қазақстанның пар­ла­менттік делегациясы Еуро­падағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­­мы Парламенттік Ас­сам­блеясының Тби­ли­сидегі сессиясына қатыс­ты. ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіп­сіздік, экономикалық ынты­мақ­тастықтың бағыттары, адам құ­қықтары саласындағы өзекті мә­селелер мен қатерлер, сондай-ақ, жаһандық көші-қон дағда­рыстарын талқылауға арнал­ған сессияға барған Қазақ­стан делегациясының құ­ра­мында сенаторлар Ик­рам Адыр­беков, Ләззат Қиы­нов, Дулат Құсдәулетов, Ми­хаил Борт­ник, сондай-ақ, Мәжі­ліс де­путаттары Қуаныш Сұл­танов, Светлана Бычкова және Жамбыл Ахметбеков болды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төр­ағасы Икрам Адырбеков ЕҚЫҰ ПА Саяси мәселелер және қауіп­сіздік жөніндегі жалпы ко­митетінің отырысында сөз сөйледі. Сенатордың пікірін­ше, Таяу Шығыста және Оңтүс­тік Жерорта теңізіндегі жанжал­дардың шиеленісуі, «ДАИШ» террористік ұйымының бүгін­гі қанқұйлы әрекеттері жағ­дайында қауіпсіздік саласын­дағы ынтымақтастық ерекше маңызды. Депутат БҰҰ аясында бар­лық мемлекеттер үшін бірдей ережелер мен қағидаттар бойынша әрекет ететін, терроризм мен экстремизмге қарсы халықаралық іс-қимылдың бірегей әлемдік желісін құру туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасын еске салды. Тер­роризммен жаппай күрес жө­ніндегі БҰҰ-ның құжаты ұсы­нылып отырған халықаралық тетіктің заңды негізі бола алады, деп атап өтті сенатор. И.Адырбеков қаты­су­шыларды биылғы 31 мамыр­да Астанада өткен, түрлі халық­аралық ұйымдар мен көп­теген елдердің депутат­тары және сарапшылар қатыс­қан «Діндер – терроризмге қар­сы» халықаралық кон­ферен­циясының қорытын­ды­ларымен таныстырды. «Біз ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассам­блея­сы­ның Бас хатшысы Роберто Мон­теллоға, ЕҚЫҰ ПА вице-пре­зи­денті Кристин Мут­тонен­ге, Алан Нериге, Гили Цере­телиге, сондай-ақ, біздің әріп­тес­терге осы форумға белсенді қатыс­қаны және сындарлы сөздері мен ұсыныстары үшін алғыс айтамыз», деді И.Адырбеков. «Хельсинки Қорытынды актісінде және Париж хартия­сында бекітілген қағидалар еуропалық қауіпсіздіктің ортақ жүйесінің негізі болып табылады. Егер де қандай да бір күмән болса, біз 2010 жылғы – бар-жоғы бес жыл бұрынғы Астана Саммитінің декларациясын еске алуға тиіспіз. Біздің мемлекеттеріміз бен үкіметтеріміз басшыларының Аста­надағы консенсусы не­гі­зінде келісілген, Еуро­атлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығының ұйғарымдарын іске асыру бағытындағы жұмыстар біздің ортақ жоғары басымдығымыз бо­луы тиіс», делінген мәлім­демеде. Сенатор, сондай-ақ, жинал­ғандарды 28 маусымда Қа­зақстанның 2017-2018 жыл­дарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің тұрақты емес мүшесі болып басым дауыспен сайлан­ғаны туралы хабардар етті. «Бізге 138 ел дауыс бер­ді, осындай жоғары сенім біл­дір­гендерге біздің алғысымыз шексіз. Біздің еліміз халық­ара­лық қоғамдастықтағы өзекті мәселелерді талқылауға және шешуге белсенді қатысу үшін бар күшін салады», делінген Қазақстан делегациясының сөзінде. Қазақстан делегациясының сөзінде, сондай-ақ, ЕҚЫҰ ПА және ДИАҚБ сайлауды бай­қау жөніндегі миссияларына алғыс айтылды және еліміз қа­былдаған халықаралық мін­деттемелерге сәйкес сайлау заңнамасын жетілдіру үде­ріс­тері жалғаса беретіні атап көрсетілді. «Егемен-ақпарат»