Қазақстанға ресми сапармен келген Ресейдің ЛДПР партиясының лидері Владимир Жириновский Qazaquni.kz басылымына берген сұхбатында Алматыдағы Масанчи көшесіне өзінің атын берілуіне қарсы емес екенін білдірді.
Сұхбатта Жириновский Алматының туған қаласы екенін, мұнда 18 жыл тұрғанын айтқан.
Саясаткер ресейліктердің Қазақстанды қатты құрметтейтінін мәлімдеген.
«Қазақстан – менің кіші отаным. Егер Масанчи көшесі менің атыммен аталатын болса, ешқандай қарсылық білдірмеймін. Мен оқыған №25 мектепке атымды берсе, тіпті жақсы болар еді. Келешекте мен тұрған үй музей етілсе. Сол кезде сіздерге туристер көптеп келіп, одан өздеріңізге пайда келеді», - деді Жириновский.
Мұрат АЙТҚОЖА