• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Шілде, 2016

Ұлт жоспары

569 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары қазақстандықтарды әлемдік деңгейде білім мен біліктілікке, бәсекелестікке дайын болуға шақыратын құнды құжат. Аталған реформаның ел ішінде бірден қолдау тауып, халықтық реформа ретінде қабылдануы оның мән-маңызын ерекшелей түседі. Жалпы, Ұлт Жоспары мен Елбасы Жолдауы арасындағы өзара байланыс пен бір-бірін толықтырып тұрған сабақтастық бүгінгі күн шындығы тұрғысынан анық байқалады. Бұл екі маңызды құжаттың көздеген мақсаты да бір: дағдарысты еңсеріп, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылып, шын мәніндегі Мәңгілік Ел болу. Мемлекетіміздің тарихи тәжірибесінің көп еместігіне қарамастан, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тиімді әрі көрегендік басшылығының арқасында қалыптасқан Тәуелсіз Қазақстанның дағдарысқа қарсы стратегиясы өте салмақты болып саналады. Және қазіргі дағдарысты еңсеру, Жолдауда қоғамды топтастыру, біріктіру үшін жағдай жасау және әлемнің дамыған елдерінің клубына кіруді жүзеге асыру үшін орнықты негіз жасау болып көрсетілген. Мемлекет басшысы елдің жоғары оқу орындары Жолдау міндеттерін жүзеге асыруға атса­лысуы қажеттігін атап өтіп, дағдарысқа қарсы және құрылым­дық өзгерістердің бес бағытын дәл айқындап берді. Бірінші бағыт бойынша, елдің ЖОО-лары үшін, экономиканы долларсыздандыру құралдарын кеңейту арқылы ұлттық қаржы-несие жүйесін тұрақтандыруға қол­жеткізуді, халықтың қаржы­лық сауаттылығын әрі қарай дамыту іс-шараларын жүзеге асыруды негізгі міндеттер ретінде айқындауға болады. Бұл ретте ЖОО-лар базасында, нарықтың және халықтың бүкіл жіктерінің ұлт­тық валютамыз теңге мен оның реттеуіші Ұлттық банкке деген сенімін қайтарып, оны әрі қарай нығайту бойынша қар­жы-несие ұйымдарымен және жер­гілікті кәсіпкерлермен бірлескен іс-шаралар іске асырылуы қажет. Екінші бағыт – ол салық жүйе­сін реформалау және мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетіктерін енгізу негізінде, бюджеттік саясатты әрі қарай оңтайландыру. Бұл бағытта ЖОО-лар, «Ата­ме­кен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, отандық кәсіпкерлік жүйесі үшін салық жүйесін реформалаудан алуы мүмкін пайдаларды кеңінен көрсетуі тиіс. Өйткені, қосылған құн салығының (ҚҚС-тың) орнына сатудан түсетін салықты енгізуден, сатып алып бағасын қайта көтеріп сататындар емес, бірінші кезекте, атап айтқанда, түпкі өнім өндіретін өндіруші кәсіпорындар ұтады. Одан бөлек, аталмыш реформа «көлеңкелі экономиканы» жарыққа алып шығуға бағытталған, сондай-ақ, бұл жаңа жаһандық ахуал жағ­дайларында бәсекелесуге дайын, қазіргі заманға сай ұлттық кәсіп­керлікті қалыптастырудың негізгі жағдайы болып саналады. Қазіргі жағдайларда экономикада тауарлардың негізгі түрлері бойынша халық шаруашылығы және заттай-құндық, салааралық баланстар, халықтың ақшалай кірістері мен шығыстарының баланстары, еңбек ресурстары мен негізгі құралдар баланстары жүйесін, ағымдағы жағдайды бағалаудың әдістері мен модельдерін және келешекке нұс­қалық есептеулерді, сондай-ақ, бол­жау мен стратегиялық бас­­қару және жоспарлау үшін құ­рал­дар жиынын қалпына келтіру ба­сым­дыққа айналады. Олар бізге эко­номиканың өсу серпінін, төлем балансының негізгі көрсет­кіштерін, ақша массасы мен ин­фляцияның шамасын өте дәл болжауға мүмкіндік береді. Әлі күнге дейін экономикалық тәжірибеде, электр қуатына баға­ны 1%-ға өзгерту, өндіріс тиімді­лігін, бюджет кірістерін және т.б. төмендетуді қоса алғанда, экономиканың бүкіл қалған салаларына қалай әсер ететінін өте дәл санауға мүмкіндік беретін, ірілендірілген номенклатурадағы сала­аралық баланс сияқты эконо­миканың сенімді және тиімді құралы қолданылмайды. Осы құралды білмеу немесе қолдан­бау салдарынан терең ойлас­ты­рылмаған шешімдер қабылда­нады, қорытындысында бағаның өсуіне елеулі әсер етеді. Осымен байланысты Қа­зақ­стан өңірлерінің бюджеттік сая­сатын әрі қарай оңтайландыру шеңберінде, біз өңірдің сала­ара­лық балансын жасауды ұсынып отырмыз, ол бойынша өңірдің кірістері мен шығыстарының негізгі ағындарын қадағалауға болады. Және осы ағындардың негізінде өңір үшін мол табыс әкелетін экономика саласын, сондай-ақ, өңір өзінің табыстарын жоғалтатын экономика саласын анықтауға болады. Біз тұтыну сұранысын ынта­лан­дырудың экономикалық әдіс­терін жетілдіруіміз қажет. Атап айтқанда, жұмыспен қамтитын және оны арттыратын, сондай-ақ, отандық өндірістің өсімін және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін өнімге деген сұранысты ынталандыру керек. Мысалы, ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің өсімін ынталандыра отырып, біз, қайта өң­деу, машина құрастыру, көлік, сауда сияқты артта жүруші сала­лардың өсуі мен дамуы үшін экономикалық негіз жасаймыз. Ал елде тұрақты азық-түлік секторының болуы әлеу­меттік тұрақ­тылыққа кепіл болады. Ол туралы Президент Н.Ә.Назар­баев­­тың Жолдауында нақты көрсе­тілген, бұл тұрғын үй құры­лысына да қатысты. Осындай баланс жасау үшін оған Қазақстанның маман­дан­дырылған ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-лары қатыстырылуы тиіс. Жаңа экономикалық қаты­нас­тар қалыптасқан, ал оның экономикасы әлемдік қауым­дастыққа барған сайын көбі­рек ықпалдаса түскен қазіргі Қазақ­станда, мем­лекет-жекеменшік әріптестігін толыққанды енгізуге қатысты айтатын болсақ, онда құрылымдық өзгерістердің және мемлекет пен жеке сектордың неғұрлым ты­ғыз өзара іс-қимы­лының аса қажеттілігі көптен бері пайда болды деп айтуға әбден болады. Мемлекет пен жеке бизнестің өзара іс-қимыл жасауға деген жоға­ры қызығушылығы, көптеген елдерде оның, мемлекет пен жеке сектордың ресурстарын бірік­тіру жолымен ірі әлеуметтік және экономикалық проблемалар­ды тиімді шешуге мүмкіндік бере­тіндігімен түсіндіріледі. Олардың капиталды қажет етуі мен ұзақмерзімділік себебі бойынша ағымдағы қаржылық-ин­вестициялық дағдарыс жағдай­лар­ындағы бюджеттік шектеулер, көптеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша рес­публикалық және жергілікті бюд­жеттердің мүмкіндіктерін қайта қарау міндетін алдыға қояды. Осы бағыттарда Қазақстанның экономикалық жоғары оқу орындарын тарта отырып, мемлекет-жекеменшік әріптестігінің әлеу­етті қатысушыларын анықтау ар­­қылы, мемлекет-жекеменшік әріп­­тестігін дамытудың ғылы­ми негізделген өңірлік тұжырым­дамасы әзірленуі тиіс. Үшінші бағыт бойынша, жекешелендіруді дамытуда және экономикалық бәсекені ынталандыруда, ЖОО-лардың алдына бәсекеге қабілетті ұлттық бизнесті қалыптастыруға белсене қатысу міндеті қойылды. Жолдауда атап көрсетілгендей, «Нарықтық экономика – ол күштілер бәсекесі». Ағымдағы жағдайларда белсенді және күшті ойыншы болу үшін, бизнес-ортаның өкілдері өз күші мен мүмкіндіктерін университеттермен және ғылыммен біріктіруі қажет. Дамыған елдердегі университеттер – ол инновацияларды жеткізушілер ғана емес, сонымен бірге оларды коммерцияландырудағы және нарыққа шығарудағы негізгі қаты­сушылар. Сондықтан, Қазақстанның жетекші эконо­микалық университеттері базасында өңірдің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін дағдарысқа қарсы консультация­лар орталықтарын құру қажет. Экономиканың, маркетингтік және экономикалық зерттеулердің ағымдағы конъюнктуралық циклін сараптамалық бағалау негізінде, дағдарыс жағдайларында жаңа өткізу нарықтарын іздеуде және бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегияларын әзірлеуде, яғни нақты іс-шаралар қабылдауда, өңір­дің кәсіпорындарына, кәсіп­керлер мен жергілікті атқарушы орган­дарға ақыл-кеңес беруге болады. Төртінші бағыт – жаңа инвес­ти­циялық саясат негіздерін қалып­тастыру, Қазақстанның жоғары оқу орындары жүйесінің алдына аса зор міндеттер қояды. Респуб­ликада және өңірлерде қолай­лы инвестициялық ахуал қалыптастыру, инфрақұ­ры­лымдық жобаларды жүзеге асыру және отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейту міндеттерін, қажетті ғылыми негіз­демелерсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Индустриялық-иннова­циялық даму үшін кадрлар даярлау жүйесін дамыту, ЖОО-лар ортасы үшін негізгі міндет болып саналады. Алайда, кадрлар даярлау мәселе­лері әрбір өңірде тиісті еңбек ресурстарының балансын жасау­ды қажет етеді. Президент өзінің Жолдауында жастарды қай жерде еңбек ететін мамандықтар қажет, сол жерлерге барудан қорық­пауға, жаңа, қажет ететін маман­дықтарды меңгеруге шақырды, ал біздің өңірлеріміз осындай ақпараттар беруге дайын ба? Сон­дықтан аталмыш бағытты жүзеге асыру шеңберлерінде, универ­ситеттердің ғылыми әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстанның әрбір өңірінде сол бойынша еңбек ресурстарына өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктері бойынша және бірнеше жыл алдыға жасалған болжам мүмкіндіктері бойынша толық ақпарат алуға болатындай, өңірдің еңбек ресурс­тарының балансы сияқты ақпарат­тық құжат әзірлеу қажет. Және бесінші бағыт – жаңа әлеуметтік саясат. Жоғары оқу орын­дары мен ғылыми интелли­ген­цияның әрбір өкілінің міндеті – сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негі­зіне айналуға қабілетті, Қазақ­станда Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құрудың зор болашағын халық арасында кеңінен түсіндіру. Әсіресе, аталмыш бағыт, биылғы Жолдаудың негізгі тұжырымдары соларға арналған, қазақстандық жас ұрпақпен тікелей жұмыс жасайтын ЖОО-лар үшін маңызды болып саналады. Қарағанды экономикалық университетінің ұжымы Мем­лекет басшысының Жолдауда айтыл­ған міндеттерін жүзеге асыруға дайын екенін атап өткім келеді. Оларды неғұрлым тиімді жүзеге асыру үшін біздер өзі­міздің халықаралық әріптестері­мізді тартатын боламыз. Бүгінгі күнге Қарағанды экономикалық университеті АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Түркия, Оң­түстік Корея және т.б. сол сияқты әлемнің 22 елінің 100-ден астам университеттерімен орнықты байланыс орнатқан. Біздің халықаралық әріптес­терімізді қоса алғанда, универ­ситетіміздің бүкіл ғылыми-ин­но­ва­циялық әлеуеті Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі міндеттері мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындауды жүзеге асыруға бағытталатын болады. Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің  ректоры ҚАРАҒАНДЫ
Соңғы жаңалықтар