• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Шілде, 2016

Ауыл бизнесінің жауапкершілігі артуда

290 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыстарын ауылдық жерлерде жалғастыруда. Целиноград ауданының Родина және Воздвиженка ауылдық округтерінде Гүлжан Қарағұсова мен Татьяна Яковлева ел тұрғындарымен іскерлік кездесу өткізді.

Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр басқаратын «Родина» агро­фирмасының қол жеткізген табыс­тары өзгелерге үлгі боларлықтай. Мұнда 4 мың басқа жуық ірі қара мал талапқа сай күтіп-бағылуда. Мұның 1400 басы – сауын сиырлар. Әрбір сиырдан жыл сайын 7 мың литр сүт сауылатындығы атап өтілді. Іргеде тұрған Астана қаласының азық-түлік белдеуіне бұл шаруашылықтың қосып отырған үлесі салмақты. Тәулігіне 46 тонна таза өнім шығаратын кәсіпорынның май-қаймағына, ірімшігі мен сүтіне қалалықтардың сұранысы өте жоғары.

Халық қалаулылары осы ок­руг­тегі балалар бақшасына, жаңа сауын жабдықтары орнатылған сүт зауытына, демалыс және мәде­ниет бағына, хайуанаттар паркіне арнайы атбасын тіреп, әлеу­мет­тік саланың екпінді дамуына риза­шылықтарын білдірді.

Воздвиженка округінде аста­налық қонақтарды «Ақтық» ак­ционерлік қоғамының бас директоры Марат Қамзебаев пен Воздвиженка ауылдық округінің әкімі Сейфолла Ысқақов қарсы алды. Депутаттар балалар бақшасы мен Мәдениет үйінде болып, осы елді мекеннің өнер ұжымдарымен пікірлесті.

Осы орайда, «Ақтық» акцио­нер­лік қоғамы бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі міндет­темелерін абыроймен орындап жүрген ұжым екендігін атай кеткен жөн. Мәселен, түзілген шарт бой­ынша аталмыш ауылдың Мәде­ниет үйіне күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізіліпті. Сәулетті орда­ның бүгінгі келбеті ерекше деуге келеді. Аталмыш шаруашылық оған өз есебінен 17 миллион теңге қар­жы бөлген.

Мәжіліс депутаттары ауыл тұр­ғындарының түрлі мәселелер бойынша қойған сұрақтарына толымды жауап берумен қатар, кезегі күтіп тұрған күрделі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан»  Ақмола облысы, Целиноград ауданы

Соңғы жаңалықтар