• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Шілде, 2016

УЕФА. Чемпиондар лигасы. «Астана» елге бір ұпай әкеле жатыр

380 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51251" align="aligncenter" width="560"] Фото: sports.kz[/caption] Литваның Вильнюс қаласында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде «Жальгирис» клубы мен «Астана» командасы кездесті. Бұл туралы egemen.kz сайтының редакциясына Вильнюстен «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл матч 0:0 есебімен аяқталды. Кездесуде командалар тартысты ойын көрсеткен жоқ. Бірінші таймда алаң иелері құрамында Саулюс Миколюнас пен Саулюс Клевинскас «Астана» командасының айып доп алаңынан шықпай, доп соғуға тырысты. Ал қонақтардың сапында Неманья Максимович, Юрий Логвиненко, Таңат Нөсербаевтар есеп ашуға белсене атсалысты. Алайда командалар көбіне бір-бірімен аңдысып ойнаған соң, есеп ашылмады. Бірінші таймда тез гол соғу болмады. Ойынның екінші жартысында Агим Ибраими 20 метрден астам жерден қақпаға доп тепті. Бұл «Астананың» екінші таймда қарсыластар қақпасына жасаған қауіпті жағдайларының бірі болды. Ал алаң иелерінен Саулюс Миколюнас гол соға жаздады. Ол «Астананың» ойыншыларын алдап, Ненад Эричтің қақпасына доп тепті. Бірақ оның соққысы сәл қиыс кетті. Матч осылай аса қауіпті жағдай болмаса да алма-кезек шабуылдармен аяқталды. Енді келесі матч 20 маусым күні Астанада өтеді. Бұл кездесу сағат 20.00-де басталады. «Жальгирис» (Вильнюс, Литва) — «Астана» (Астана, Қазақстан) 0:0 13 маусым. Вильнюс. Бас төреші: Владо Глоджович (Сербия). «Жальгирис»: Клевинскас, Климавичюс, Слейнгард, Мбодж, Благоевич, Вайткунас, Лукша, Миколюнас (Эливелто 64), Пилибайтис (Люич 59), Куклис, Калуджерович. «Астана»: Эрич, Аничич, Максимович, Мұжықов, Ибраими (Тағыберген 80), Шитов, Нөсербаев (Кабананга 71), Твумаси (Деспотович 90+2), Логвиненко, Шомко, Каньяс. Ескерту: Люич 70 — Кабананга 85. Допқа иелік ету: 42% — 58% Қақпаға жасаған соққылар: 11 — 12 Қақпаға дәл тиген соққыдар: 6 — 6 Фолдар: 9 — 12 Ойыннан тыс қалу: 2 — 2 Угловые: 4 — 11 Желтые карточки: 1 — 1 Красные карточки: 0 — 0. Дастан КЕНЖАЛИН  
Соңғы жаңалықтар