Францияда өткен футболдан Еуропа чемпиотындағы ең үздік голды «Ференцварош» командасы мен Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Золтан Гера өз есебіне жазды. «Sputnik Беларусь» агенттігінің мәліметінше, ол мұны Венгрия – Португалия матчының 19-минутында қатты соққымен қақпаға алыстан ұрып түсірген.
Нәтижесінде 3:3 болып аяқталған кездесуде венгерлерден қалған екі голды Балаж Джуджак 47 және 55-минуттарда салды. Ал португалдардан Криштиану Роналду дубль жасаса (50, 62), тағы бір голды Нани соқты (42).
https://youtu.be/SjWObjk6iUc
Топтан бірінші орынмен 1/8 финалға шыққан Венгрия Бельгиядан 0:4 есебімен ұтылып қалды. Португалдар болса, жарыс жолын жалғастырып, ақырында құрлық чемпионы атанды.
Жанкүйерлер жартылай финалдың үздік голы ретінде Роналдудың валлиліктер қақпасына салған голын атады. Матч 2:0 есебімен аяқталды. Ширек финалда Уэльс құрамасының ойыншысы Хэл Робсон-Канудың Бельгиямен ойында (3:1) соққан голы үздік аталды. Сол сияқты 1/8 финалда Джердан Шакиридің голы барынша көп дауыс жинады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ