Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронға оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметінің аяқталуына байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Елбасы жеделхатта Д.Кэмеронға Астана мен Лондон арасындағы байланыстарды жан-жақты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Д.Кэмеронды 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды.
Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания экс-премьер-министрі Д.Кэмеронға зор денсаулық, бақ-береке тіледі.