• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2011

Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың VIII конкурсын өткізудің қағидасы

1055 рет
көрсетілді

Жалпы ережелер Қасиетті ұлы дала үнінен қуат алып, әсем әндерімен тыңдарман жұр­ты­на шуақ берген ұлы әнші Ә.Қашау­баевтың шығармашылығы ұлттық му­зы­ка өнерін­дегі қайталанбас дара құ­былыс. Осы киелі мұраны кеңінен, те­реңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жас­тарымызды өнер­­дің кәусар бұлағы­нан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ық­пал ету мақ­са­тында Мәдениет министр­лігі­нің Мә­де­ниет комитеті Әміре Қашау­баев атын­дағы республикалық дәстүрлі орын­дау­шылардың VIII конкурсын (әрі қарай - конкурс) өткізеді. Конкурс 2011 жылдың 20 - 22 сәуі­рі аралығында Астана қала­сын­да өт­кізіледі. Конкурсқа Қазақстан Рес­пуб­­ликасында және алыс-жақын шет елдерде тұратын 16 мен 35 жас ара­лы­ғын­дағы халық және қазіргі за­ман­ғы ком­позиторлар әндерін дом­быра, қыл­қо­быз, сырнай аспап­тары­ның сү­йе­мелдеуінде орын­дайтын кәсіби өнер­­паздар қатыса алады. Осының ал­дын­дағы өткен конкурстардың жүлде­лі орын­дарына ие болған жеңімпаздар аталмыш конкурсқа қатыса алмайды. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: ұлы әнші Ә.Қашаубаевтың шығар­машылығын кеңінен насихаттап, ұрпақ­тан-ұрпаққа жеткізу; да­рынды адам­дар­дың кәсіби шеберлігін жетілдіру; ұлт­тық ән өнерінің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаң­ғырту, дамыту және насихаттау; халықтың мәдени де­малысы мен эсте­тикалық тәрбиесін, рухани және мәде­ни құндылықтармен ал­ма­су­ды ұйым­­дастыру; мәдениет сала­сын­­да­ғы мемлекеттік саясатты іске асы­ру; өнердің шы­ғар­машылық жетістіктерін анық­тау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар орын­даушыларды қол­­дау; мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақ­тас­тықты қамта­ма­сыз ету; жастар­дың эстетика­лық жә­не ұлтжандылық тұр­ғыда тәр­бие­­ле­нуі­не, ұлттық және әлем­дік мәде­ниет құн­дылықтарына тар­тылуына ықпал ету. Конкурсты өткізудің тәртібі  және шарттары Үш кезеңнен тұратын конкурс кө­рермен алдында өтеді. Конкурсқа қа­ты­сушылар әр кезеңде төрт шы­ғар­ма­ны жатқа орындайды. Ол ал­дын-ала көр­сет­кен шығармалар тізімін өзгер­те алмайды. Конкурс лауреаттары қорытынды Гала-концертте ақысыз өнер көр­сетеді. Конкурс жеңімпаздарына төмен­дегі­дей жүлделер тағайындалады: Әміре Қашаубаев атындағы бас жүл­де және лауреат атағы (ақшалай сый­лық); бірінші жүлде және лауреат атағы (ақша­лай сыйлық); екінші жүлде және лауреат атағы (ақшалай сыйлық); үшін­ші жүлде және лауреат атағы (ақшалай сыйлық). Конкурсқа қатысу үшін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқар­ма­лары, концерттік ұйымдардың дирек­циясы мен көркемдік кеңесінің, шы­ғармашылық оқу орындарының ұсы­ныстары болуы қажет. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өті­ніш береді. Өтінішке төмендегі құ­жат­тар қо­са ұсынылады: тууы ту­ралы немесе жеке куә­лік көшірмесі; өмір­баяны, ұс­та­зы­ның аты-жөні; музыка­лық білімі тура­лы құ­жаттың көшірмесі; оқи­тын (оқушы­лар мен студенттер үшін), жұмыс істейтін жерінен анық­тама; 13х18 көлемдегі түр­лі-түсті екі фотосурет (электронды нұс­қасын қоса берген жөн); әр кезең­де орында­латын шығар­малар тізімі; тиісті меке­менің ұсынысы. Тапсырылған құжаттар қайтары­луға жатпайды. Конкурсқа қатысушылардың өтініш­тері конкурстың басталуына 25 күн қал­ғанға дейін мына мекен-жайда қа­был­данады: 010000, Қазақстан Респуб­лика­сы, Астана қаласы, Абай даңғылы, 18 үй, «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы,  8 (7172) 39 01 40, 39 04 78, 39 05 14 (факс). Конкурсқа қатысушылар ұйымдас­тыру комитетінің сараптауынан соң конкурсқа шақырылатын болады. Кон­курсқа қатысу­шылардың қаты­сушылар тізіміне кіргені туралы ресми хабар қажетті құжаттар толығы­мен тап­сы­рылғаннан соң сайысқа 10 күн қалғанға дейін хабарланады. Конкурсқа қатысушының барып-қайту жол шығындарын жолдама берген, ал олардың жатын орны мен тамақтануын конкурсты өткізетін жақ көтереді. Конкурсқа қатысушыға қоса ере келген адамдардың барлық шығын­дары өз тараптарынан өтеледі. Келесі кезеңге өтпеген конкурсқа қа­ты­сушылар немесе конкурсқа қаты­су­дан бас тартқандар конкурстың аяғына дейін көрермен ретінде қалуға ниет білдірген жағдайда өз қаражаты есебінен күнелтеді. Конкурстың қатысушыларына мы­на­дай шарттар қойылады: І кезең: Ә.Қашаубаевтың орындауындағы ән (сайыскердің таңдауы бойынша 14-тармақта көрсетілген тізімдегі бір ән); Халық композиторының әні (са­йыс­кердің таңдауы бойынша); Халық әні (сайыскердің таңдауы бойынша); Батыс немесе Алтай-Тарбағатай әндері. ІІ кезең: Ә.Қашаубаевтың орындауындағы ән (сайыскердің таңдауы бойынша 14-тармақта көрсетілген тізімдегі бір ән); Халық композиторының әні (са­йыс­кердің таңдауы бойынша); Сыр немесе Қазығұрт өңіріндегі әуендер; Қазақстан композиторларының әні. ІІІ кезең: Ә.Қашаубаевтың репертуарынан мін­детті түрдегі ән: «Ағаш аяқ» - жігіттерге, «Ардақ» - қыздарға; Халық ком­позиторының әні (сайыскердің таңдауы бойынша); Халық әні (са­йыс­кердің таңдауы бойынша); Арқа немесе Жетісу дәстүріндегі ән. Әміре Қашаубаевтың орындауын­дағы әндер тізімі: «Қос барабан», «Топайкөк», «Баян­ауыл», «Шіркін-ай», «Сырғақты», «Көк­­­аршын», «Қызыл бидай», «Екі жирен», «Қор­лан», «Ақ сиса», «Сары­мойын», «Қар­ғам-ау», «Хаулау», «Үш дос», «Бал­қадиша», «Гауһар қыз», «Дудар-ай», «Келіншек», «Ақ қайың», «Бес қарагер», «Смет», «Қанапия». Ұйымдастыру комитеті Мәдениет министрлігінің Мәде­ниет комитеті конкурсты өткізу бо­йынша ұйым­дастыру комитетінің құра­мын бекітеді. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен конкурсты өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкіл­дерінен құралады. Ұйымдастыру ко­митетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша бас­шы­лықты жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитеті конкурс қа­тысушыларына қосымша сыйақы тө­леу­сіз конкурстың тыңдаулары мен қоры­тын­ды концерттерін радио және теледидар арқылы тарату, дыбыс және бейне­тас­паға жазу және оны одан әрі тарату құқығына ие. Сондай-ақ, ұйым­дастыру комитеті басқа тараптармен конкурстың аталған мате­риалдарын жүзеге асыру жөніндегі келісім-шартқа отыру құқығына ие. Ұйымдастыру комитеті іс-шара­ның ақпараттық-жарнамалық қол­дау түр­лерін айқындайды. Ұйымдастыру комитеті кон­курс­ты дайындау және өткізу бары­сында туын­дайтын өзге де ұйымдастыру мәселе­лерін шешеді. Конкурстың қазылар алқасы Конкурс қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шы­ғару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазы­лар алқасының құрамы мемлекеттік о­р­ган­дардың өкілдерінен, мә­де­ниет және өнердің көрнекті қайрат­керлерінен құ­ра­лады және Мәдениет министр­лігінің Мәдениет комитетімен бекітіледі. Қазылар алқасының саны, төр­ағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс. Қазылар алқасының шешімі түп­кілікті және қайта қарауға жатпай­ды, хаттамамен ресімделеді және бар­лық қазылар алқасының мүше­лері қол қояды. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыс­тары тең бөлінген жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы белгіленген жүл­делі орындарды бермеуге немесе үміт­­керлер арасында бөлуге (бас жүлдені қоспағанда) құқылы. Қазылар алқасы қазылар алқасы­ның барлық мүшелері келіскен жағ­дай­да бағдарламаны қысқарту және/немесе шығармаларды орындауды тоқтату тура­лы шешімді қабылдауға құқылы. Қазылар алқасы бағаларының кри­терийлері: орындаушылық шеберлігі (орындаушының дербестігі); сапалық деңгейі; сахна мәдениеті; орында­латын шығармалардың кон­курс­тың шарт­тарына сәйкестігі. Конкурсты қаржыландыру Конкурсты дайындау мен өткізуді қаржы­ландыру республикалық бюджетпен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Конкурсты өткізуге көзделген ақ­ша­лай қаражат ұйымдастыру коми­тетінің шешімі бойынша бекітілген сметалық шығыстармен қатаң сәй­кес­тікте жұмсалады. Конкурсты дайындау мен өткізу үшін демеуші­лердің және басқа да қосымша қаражат көздері жұмыл­дырылуы мүмкін. Демеушілер конкурстың қатысу­шы­ларына заң­да белгіленген тәртіп­пен өзінің ынталандыру сый­лық­тары мен сыйақыларын тағайындай алады. Қорытынды ереже Осы қағидамен реттелмеген бар­лық мәселелер Қазақстан Республи­касының қолданыстағы заңнамасы­на сәйкес шешіледі.