• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2016

«Даму» қоры кәсіпкерлерге 500 млн. теңге несие береді

507 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51673" align="aligncenter" width="560"] Фото: damu.kz[/caption] «Даму» Қорының Басқарма төрағасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің арасында меморандумға қол қойылды. Құжат бойынша облыс әкімдігі мен «Даму» Қоры паритетті негізде ауыл шаруашылық, өңдеу өнеркәсібі, туризм, өнер және көңіл көтеру саласында қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлерге 500 млн. теңге бөлінеді. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі  – 8,5 пайыз. Несиенің шектік мөлшері – Тараз қаласының кәсіпкерлері үшін 100 млн. теңгеге дейін, Жамбыл облысында  жүзеге асырылып жатқан жобалар үшін 50 млн. теңге. Несие жаңа құрал сатып алып, негізгісін жаңалауға 84 айға дейін беріледі. Айналымдағы қаражатты толтықтыруға 36 айға дейінгі мерзім көрсетілген. Негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік берілетін мерзім 12 айдан аспайды. «Жамбыл облысында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының көп еместігін, яғни бар жоғы 59 мың екенін ескере отырып, арзан, қолжетімді, ұзақ мерзімге берілетін несие ұсыну арқылы олардың қатарын көбейтуіміз керек. Жылына 8,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен берілетін несие – өңірдегі ШОБ өсіміне үлкен серпін болары анық» деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ – бұл Ұлттық даму институты, 100 пайыз акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету. Оралхан ДӘУІТ Жамбыл облысы