• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2016

Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болғандар ұсталды

319 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52663" align="aligncenter" width="560"] Фото: profi-news.ru[/caption] Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған 10 мың 410 адам ұсталды. Бұл туралы бейсенбі күні әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Ясин Актай мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы қолға түскендердің арасында 287 адам – полицей, 7423-і – әскери қызметкер, 2014-і – судья және 686 адам – ел тұрғыны. Айта кетейік, өткен жұма күні, 15 шілдеде Түркия билігі елде әскери төңкеріс  ұйымдастыруға әрекет жасалғанын хабарлады. trend.az мәліметінде әскерилер сол түні биліктің өз қолдарына өткенін, алайда сенбі күні таңертеңгісін бұл іске қатысы бар сарбаздардың ақырындап беріле бастағаны айтылады. Мәліметтерге қарағанда, қақтығыс салдарынан 200-ге жуық адам қаза тауып, мыңнан астамы жарақат алған. rt.com ақпарына сәйкес, Түркияның әділет министрі Бекир Боздаг алдағы уақытта өлім жазасы қайта күшіне енуі мүмкін екендігін айтып өтті. «Халық арасында жазаның ең ауыр түрін қолдайтындардың көптігі байқалады. Біздің президентіміз осыған дейін қажет жағдайда тиісті заңға қол қоятынын мәлімдеген. Еуропа Одағының бұл іске қатысты талабын да ескеретін болатынбыз. Дегенмен біз үшін халқымыздың ұстанымы маңыздырақ», – деді Бекир Боздаг. Аян ӘБДУӘЛИ