• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2026

Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған

70 рет
көрсетілді

Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі кәсіпорыннан 58 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Құзырлы органның мәліметінше мекеме қызметкері аталған қаражатты өзінің шотына заңсыз аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Жақсы ауданы прокуратурасының аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі жанындағы аудандық мәдениет үйін қызметтік тексеру барысында анықталған. Нәтижесінде аудан прокуратурасымен қылмыстық фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, бүгінде іс сотқа жіберілген.

Елорда тұрғыны отбасылық жағдайын сылтауратып, ақша жымқырған

Сот үкімімен мәдениет үйінің есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Қылмыстық Кодекстің 74-бабына сәйкес, жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылған.

Италияға саяхат және қымбат техника: Астанада емхана басшылығы бюджет қаржысын жымқырған

Үкім заңды күшіне енбеген.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар