• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2016

Нитрат құрамы үш есе көп

444 рет
көрсетілді

Ішкі ағзалардың, соның ішінде бауыр мен бүйректің жұмысын жақсартуда қарбыздың пайдасы мол екенін медик-ғалымдар баяғыда пайымдап қойған. Алайда, абайламаса болмайды екен. Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы арнайы акция шеңберінде тексеру жүргізген кезде жабайы түрде сатылып жатқан қар­быз­дың құрамындағы нитрат қа­лыпты мөлшерден 3-4 есеге артық екені анықталды. Бұл ағ­заға өте зиян­ды екені бел­гілі. Тұтастай алғанда облыс орта­лы­ғында қауын-қарбыз сататын 34 арнайы орын белгіленген. Бір өкініштісі, бұларға көкөніс құрамына байланысты тексерулер жүргізілмей тұр. Мұндағы басты себеп – зертхананың жетіс­пеуі. Мұндай тұрақты зертхана орталық «Мирлан» базарында ғана бар екен. Алайда бұл құры­лым тек өздерінде сатылатын өнім­дерді ғана тексеруден өткізеді. Орал қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Мүсілім Жәрдемовтің мәлімдеуінше арнайы белгіленбеген орын­дардағы қауын-қарбыз саудасына байланысты 360 хаттама толтырылып, жарты миллион теңге айыппұл салынған. Әйтсе де мұндай орын­ардағы көкөніс саудасы тыйы­латын түрі байқалмайды. Ендеше бұл мәселені реттеудің өзге жолдарын қарастыру күн тәртібінде тұр демекпіз. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ