• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Ауылдағы супермаркет

360 рет
көрсетілді

Алыс ауылдардағы дүкендердің сиқы бәрімізге белгілі ғой... Бір бөлмеге тауарды үйіп тастаған. Тазалығын былай қойғанда, тар болғандықтан ішінде айналып жүретін жер жоқ. Аттап бассаң бір затқа шалынасың. Дүкен иесі әйтеуір, саудасы жүргеніне мәз. Жақында Жуалы ауданының ең шалғайда жатқан Қошқар ата ауылына барғанда маңдайында «супермаркет» деген жазуы бар дүкенді көріп, аң-таң болғанымыз рас. Ойбай-ау, Қошқар ата дегеніңіз облыстың шетінде, желдің өтінде жатқан ауыл емес пе? Қыс түсе қошқараталықтар орталықпен қош айтысып, жол қатынасы тіптен қиындап, күн жылынғанша терең сайда тым-тырыс жатып алады. Ендеше сыртпен байланысы аз осындай шағын ауылдан супермаркет ашу қаншалықты тиімді? Аты бар да, заты жоқ сауда орны болар деген күдікпен әлгі дүкеннің есігін аштық. Жоқ, алыс ауылдағы мына супермаркеттің қаладағы сау­да орындарынан бір мысқал да кем емес екен. Іші кең әрі сәнді, сосын тауарға да өте бай. Тіпті, ауыл­дықтар үшін жат көрінетін темір арбалар да тұр. Біз бас сұқ­қан он-он бес минуттың ішінде төрт-бес тұтынушы сауда жасап кетті. – Өмір бойы осы сауда саласында еңбек етіп келемін, – дейді супермаркет иесі Ләззат Нұрпейісова. – Сондықтан бұл саланы бір кісідей білемін. Рас, алғашында шалғайдағы ауылда саудамыз жүре ме, жоқ па деген сұрақ мазалаған. Бірақ біз тауарды көп әкелудің арқасында осы төңіректегі ауылдардың көтерме сау­да орталығына айналдық. Қыс түсе жақын ауылдар, тіпті, көр­ші Оң­түс­тік Қазақстан облысы, Бәй­ді­бек ауда­нының кейбір елді ме­кен­­­дері бізден келіп тауар алып тұ­ра­­ды. Өйт­кені, қыстың қытымыр күндерінде де біз орталықпен байланы­сымызды үзбей, барлық тауарларды уақтылы жеткізіп отырамыз. Және барлық затқа өз бағасының он пайыздай көлемінде ғана үстемақы қоямыз. Иә, шынында сөредегі бағалар тым қымбат емес. Тіпті, кейбір зат­тар­­дың бағасы әлдеқайда төмен еке­ні­­не көз жеткізген кейбір әріп­тес­­терім қалталарын қарманып, сау­­да жасап жатты. Міне, «Балуанға оң-терісі бір» демекші, тірліктің көзін тауып, еңбек ете білетіндер үшін табыс кілті дала-қала боп бөлін­­­бей­­тінін осы жолы анық аң­ғар­­­дық. Айтпақшы, шалғайда жатса да шаруасы түзеліп келе жатқан Қош­­қар атаның тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жағдай бар. Ауыл­­­дың биік жерінен екі қабат­ты жаңа мектеп ғимараты бой көтеру­­де. Ескі мектеп ғимаратының ірге­та­сы 1967 жылы қаланған екен. Кү­тіп-ұстаудың арқасында бүгін­ге жетті. Әйтсе де ауыл әкімі Мел­­де­­бек Айдосовтың айтуына қара­ған­­да, бұл ескі ғимаратты ал­да­ғы уақытта күрделі жөндеуден өт­кі­зіп, бір жағынан балабақша ашып, бір бұрышын ауылға келген жас мамандарға баспана ретінде бер­мек екен. Ауылдың айбынын асқақтатып, ажарын ашып тұр­ған 250 орындық жаңа мектеп ғи­ма­ра­тында алдағы оқу жылында алға­ш­қы қоңырау соғылады. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қошқарата ауылы