• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2016

13,15 млрд. теңге

257 рет
көрсетілді

Атырауда осынша көлемдегі қаржы заңдастырылды   Соңғы айларда Атырауда қар­жысын заңдастыруға талпы­нушылардың қатары молая түсті. Облыстық мемлекеттік кі­рістер департаменті ұсынған мә­ліметке сүйенсек, 20 шілдеге дейін өңір тұрғындары 13,15 миллиард теңгені заңдастырыпты. Сонымен бірге, заңдастырылған мүліктің жалпы сомасы 11,9 миллиард теңгені құрап отыр. Арнайы комиссияның қарауына осынша қаражат пен дүние-мүлікті заңдастыру үшін 1442 өтініш түскен. Мұнайлы өңірдің тұрғындары шетелдердегі мүліктерін де жасыр­мауға бел буыпты. Шетел­дерде мүлігі барлардан қазірдің өзінде 30 өтініш түсіп, 218,0 миллион теңгені құрайтын мүліктің заңды тіркеуге алынғаны белгілі болып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ