Биыл көкорай белдегі көк шөп көз тартады. Соған орай механизаторлар «жасыл орақты» ертерек бастады. Әйткенмен, жауын-жауынның арасында жұмыс істеуге тура келір тұр. Соған қарамастан, түпкі нәтиже толымды деуге болады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шілдедегі жедел ақпаратына қарағанда, жоспарланған жемшөп қорының тең жартысынан астамы маяланып алынған. Бұл қажетті 1060,3 мың тонна мал азығының 550 мың тоннасы қорланды деген сөз. Маңызды шаруа Ерейментау, Зеренді, Атбасар, Бұланды, Сандықтау аудандарында белсенді сипат алуда. Аталған аудандардың көрсеткіші 70 пайыздың маңайында.
Жұмыс жеке секторда да жанданып келеді. Есіл, Жарқайың, Бурабай, Ақкөл аудандарының көшелерінде балауса шөп тиеген арбалар жиірек көзге түсуде.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы