• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2016

Түсін өзгертетін киім

366 рет
көрсетілді

Америкалық Николас Бентель есімді дизайнер тың дүние ойлап тапты. Ол ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім шығарды. Дизайнер әзірге жеңі ұзын үш жеңіл жейде әзірлеп қойған. The Verge ақпары бойынша, олардың бірі ауадағы иіс газы концентрациясының жоғары болуын, тағы бірі ауаның қатты микробөлшектермен ластануын, ал үшіншісі ауаның радио­активті заттармен ластануын анықтайды. Әрқайсының бағасы шамамен 500 долларды құрайды. Дизайнер алдағы уақытта радиацияның жоғары деңгейін анықтайтын киім шығаруды мақсат етіп отыр. Оның құны 625 доллар болатынын да айтты. Әрбір үлгіде өзіндік технологиялар орнатылған. Ауаның ластығына байланысты олардың түстері де құбылып тұрады. Айта кетейік, осыған дейін Амстердам дизайнерлері танымал жұлдыздарды папарациядан қорғайтын мойынорағыш шығарған болатын. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»