• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2016

Жамбыл облысында жаңа асфальтобетон зауыты ашылды

407 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54310" align="aligncenter" width="560"] Жамбыл облысының әкімдігі[/caption] Жамбыл облысында жаңа асфальтобетон зауыты жұмысын бастады. Зауыттың негізгі қызметі – автокөлік жолдарың жөндеу және құрылыс жүргізуге қажетті материалдар дайындау. Зауыттың жылдық құрылыс материалдарың шығару қуаттылығы 50 000 текше метр. «Тараз Көлік Жолы» ЖШС-гі 2015 жылдың 1 жарты жылдығында өңірлік индустрияландыру картасына енген. Жоба мемлекеттік экспертизадан өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, жоба Жаңатас қаласы шекарасында 5 га жерде іске қосылған. Жобаның жалпы құны 250,0 млн. теңге. Бюджетке салық төлемдерінің жылдық көлемі 54 млн. теңге. Бүгінгі күнге зауыт 1200 тонна дайын асфальт пен 1000 тонна қиыршық тас өнімін өндірді. Зауытта 20 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт толық қуатына көшкен уақытта қосымша 30 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Кәсіпорын өнірді сапалы өніммен қол жетімді бағамен қамтамасыз етеді. Оралхан ДӘУІТ