• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2016

Президент Инвестициялар және даму министрін қабылдады

272 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54317" align="aligncenter" width="560"] Фото: akorda.kz[/caption] Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. akorda.kz-тің хабарлауынша, министр Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нұрлы жол» және елдің индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуының басты мәселелері, сондай-ақ, министрлік қызметінің алдағы кезеңге арналған басым бағыттары жөнінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы экономиканы дамыту және елімізге тікелей шетел инвестициясының тартылуы үшін қолайлы инвестициялық жағдайлар туғызу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мәселесіне тоқталды. Инвестициялар және даму министрі жыл соңына дейін 800 шақырымды қамтитын жаңа жол төсемін пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын баяндады. Айта кетейік, 2020 жылға дейін қашықтығы 7000 шақырым Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтау және т.б. бағыттар бойынша автожол құрылысы аяқталатын болады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді. Талғат РАЙЫМБЕК.