• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2016

Танымал тележурналист жаңа қызметке тағайындалды

367 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54321" align="aligncenter" width="560"] Фото: nurotan.kz[/caption] Танымал тележурналист Берік Уәли Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі әрi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды. Фейсбуктегі парақшасына: «Қазiргi таңда министрлiкте ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын арнайы департамент құрылып жатыр. Алдағы уақытта министрлiк осы департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтудi көздеп отыр», – деп жазған министр Жеңіс Қасымбек Берік Уәлиге сәттілік тіледі. Айта кетейік, Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметiнiң басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған. Сонымен қатар, ол әр жылдары «Таң», «НТК», «31 арна», «Хабар» телеарналарында жұмыс icтеген. Әріптесімізді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз! Талғат РАЙЫМБЕК.