• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Саяхат соқпақтары

399 рет
көрсетілді

Елбасының «100 нақты қа­дамының» 57-қадамында, ту­ристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық (з­әкірлік) инвесторлар тарту туралы айтылған.

Семей маңындағы «Святой ключ» саяхат соқпағы табиғат аясында белсенді демалыс пен экологиялық туризмді қалай­тындар үшін таптырмас дүние. Мұнда тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де келіп жатады. Табиғаты көрікті жер­лерді қамтитын ұзындығы 10 шақырымға созылатын бағытты 6 сағатта жаяу жүріп өтуге болады. Жыл сайын экологиялық соқпақпен шамамен 500-ге жуық адам жүріп өтеді екен.

– Жыл өткен сайын қала тұр­ғындары ғана емес, алыс-жақын шетелден келушілер де қызы­ғу­шылық танытуда, – дейді «Семей орманы» мемлекеттік та­биғи орман резерватының ин­женері Марина Булатова. – Эко­логиялық соқпақ қалаға жақын орналасқан. «Контрольный кен­тінен басталып, «Святой ключ» елді мекенінде аяқталады. Жер­лестерімізге ол 2010 жылдан бері таныс. Экологиялық туризм мемлекет тарапынан қорғалған табиғи резерват аумағында жүзеге асады. Табиғи соқпақ өлкетанушылардың әлі күнге дейін қызығушылығын туғызатын жерлерді қамтиды. Тарихи деректерге қарағанда, дәл осы ескі қамал ауданында жер­гілік­ті Сәтбек батырдың қолынан казак атаманы Ермак қаза тапқан.

Айта кету керек, 2015 жылы Семей орманының Морозов филиа­лының аумағындағы, жақын маңдағы мектептердің орман шаруашылықтарындағы балалар үшін арнайы экологиялық соқпақ жобасы жүзеге асырыла бастады. Олар соқпақты күту жұмыстарын өз беттерімен атқарды. Адам ден­­саулығы қоршаған ортаның тазалығына да байланысты. Сон­дықтан, танымдық эколо­гия­лық бағыттарды құрып, оны наси­хат­таудың ересектермен қатар, ба­­ла­лар­ды табиғатты аялап, туған өл­­ке­ні сүюге тәрбиелеуде ықпалы зор.

 Раушан НҰҒМАНБЕКОВА Шығыс Қазақстан облысы