• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Астанада Олимпиадаға арналған жоба басталды

303 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54442" align="aligncenter" width="560"] facebook.com[/caption] Бүгін Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Спортқа жақын бол! Еліміздің құрама командасының шашбауын көтер!» жобасының тұсаукесері өтті. Оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Ардақ Төлендин мен «Астана» ПКСК-ның спорт менеджері Юрий Мельниченко сөз сөйледі. «Қазіргі таңда еліміздің құрама командасы ХХХІ жазғы Олимпиялық ойындарға қатысу үшін Рио-де-Жанейроға аттанып кетті. Еліміздің барлық өңірінен баратын 104 спортшы жарыстың 26 түрі бойынша Олимпиада жүлделері үшін күш сынасады. Аталған жобаның бағыттарының бірі – халыққа Қазақстан спортшыларының құрамы мен «Қазақстан», Қазспорт және «Хабар» телеарналары ұсынған Олимпиада ойындарының күнделікті тікелей көрсетілімдер бағдарламасымен таныстыру. Жобаның екінші бағыты халық арасында спортты кеңінен насихаттау», деді министрліктің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Жарасбаев. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Ардақ Төлендин жобаның мақсаты туралы айта келіп, халық көп жиналатын орындарда баспа өнімдері үшін ақпараттық тақталардың қойылатынын, Олимпиялық ойындар аяқталғаннан кейін де жоба жалғаса беретінін, өйткені спортшылар одан кейін де халықаралық жарыстарға қатысатынын атап өтті. Бүгінгі күні Астанада «Керуен», «Хан-Шатыр», «Мега», «Аружан», «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталықтары, орталық әмбебап дүкені, «Аңсар» бизнес орталығы, теміржол вокзалы, «Сапаржай» автовокзалында Олимпиадаға арналған тақталар орнатылған. Осыған байланысты «Астана» ПКСК-ның спорт менеджері Юрий Мельниченко жобаның маңыздылығын атап өтті. Іс-шара соңында жобаға қатысқан ұйымдарға Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттары тапсырылды. Дастан КЕНЖАЛИН