• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Қытайда биік рельсті автобус сынақтан өткізілді

262 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54452" align="aligncenter" width="560"] globallookpress.com[/caption] Қытайда TEB-1 порталды автобусы алғаш рет сынақтан өткізілді. Оның басты ерекшелігі, қоғамдық көліктің астынан басқа көліктер кедергісіз өте алады. Ntv.ru-дың хабарлауынша, аталмыш автобус Хэйбэй провинциясындағы Циньхуандао қаласында сынақтан өткізілген. Ұзындығы – 22, ені – 7,8 және биіктігі 4,8 метр болатын қоғамдық көлік жолдың екі бетіне орнатылған арнайы рельстер арқылы қозғалады. Оның астынан басқа көліктер кедергісіз өте алады, сол арқылы автобус жолда кептелістің орын алмауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауқымды көлемінің арқасында жаңа автобустың ішіне 1200 жолаушыға дейін сыйып кететін көрінеді. [caption id="attachment_54453" align="aligncenter" width="560"] globallookpress.com[/caption] Айдар ӨРІСБАЕВ