• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Қостанай облысында «Жолдағы қабылдау» акциясы жарияланды

395 рет
көрсетілді

Облыста бірнеше ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Жолдағы қабылдау» акциясы жарияланды. Осы шара шеңберінде аймақтағы тас жолдар бойында жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бұрын 1 маусымнан 15 тамыз аралығында облыстағы автомобиль жолдарын сақтау мақсатымен «Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!» акциясы жарияланып, нәтижесінде тасымалдаушыларға қатысты 116 әкімшілік іс анықталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылған болатын. Ал жылдың бірінші жартысында жүргізушілерге көлік заңнамасын бұзғаны үшін 41560 063 теңгені құрайтын 561 әкімшілік құжат толтырылып,  автокөліктің өткені үшін алым ретінде бюджетке 73 миллион теңге түскен еді. Сондықтан Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы маусым айында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұртшылықтың, әсіресе тасымалдаушылардың еліміздің көлік заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде хабарсыз екенін анықтаған болатын. Бүгінде аталған акцияның мақсаты – тасымал ісінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тасымалдаушылармен өзекті мәселелер жөнінде ашық әңгіме жүргізу. Шара аясында облыс аумағынан өтетін Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный-Қостанай және Қостанай-Мамлютка тас жолдары бойында көлік жүргізушілерімен әңгімелер өткізілді. Сонымен қатар, облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері азаматтардың қоғамдық пікірін тыңдап, олардың өтініштері мен арыздарын қарау мақсатында сенім телефондарын да ұсынды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА