• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2016

Иран билігі Pokemon Go ойынына тыйым салды

213 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54929" align="aligncenter" width="560"] kommersant.ru[/caption] Иран билігі қауіпсіздік мақсатында смартфондарға арналған Pokemon Go ойынына тыйым салды. Lenta.ru-дың хабарлауынша, бұл шешімді қоғамның виртуальды кеңістіктегі онлайн-белсенділігін қадағалау жөніндегі жоғары кеңес қабылдаған. Алайда, ойынның ел мен азаматтарға нақтылы қандай қауіп төндіретіні атап көрсетілмеген. Осылайша Иран Pokemon Go ойынына толық тыйым салған алғашқы мемлекет болды. Бұл елде бүгінде аталмыш ойынның белсенді қолданушылары саны жағынан «Твиттер» мен «Тиндер» алпауыттарынан асып кеткен екен. Бұдан бұрын Индонезия билігі полицейлерге жұмыс кезінде Pokemon GO ойынын ойнауға тыйым салған болатын. Сондай-ақ Израиль әскери базаларындағы әскери қызметшілерге қатысты осындай шешім қабылдаған еді. Айдар ӨРІСБАЕВ