• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2016

Марокколық боксшы Риода қыз зорламақ болып ұсталды

387 рет
көрсетілді

Тамыздың 5-і күні Рио-де-Жанейро полицейлері Марокко боксшысы Хассан Сааданы олимпиялық қалашықта екі даяшы қызды зорламақ болған әрекеті үшін ұстады. The Independent газеті хабарлағандай, зардап шегуші қыздардың айтуларынша, 22 жастағы спортшы 3 тамызда бұларды зорламақшы болған. Полицейлер осыған байланысты істің барлық анық-қанығын толық тексеру үшін Сааданың 15 тәулікке қамауға алған. Енді күдікті полиция учаскесінен қала түрмелерінің біріне ауыстырылады. Риоға 81 килоға дейінгі салмақтағылар арасындағы бәсекеге қатысу үшін келген боксшы жеребеге сай 6 тамыз күні өтетін 1/16 финалда түрік Мехмед Надир Уналмен кездесуге тиіс болатын. Мұрат АЙТҚОЖА