• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2016

Субсидиялау туралы түсінік

2747 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі санында жарық көрген «Дәурен» шаруа қожалығының төрағасы Несіпкүл Кезеңбаеваның «Субсидиядан қашанғы қағыламын?» атты мақаласына орай, «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жауап хат келді. Онда былай деп түсініктеме берілген: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №575 қаулысымен бекітілген Ереженің тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауданның жұмысшы органы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш беруге тиісті. Өтініште ағымдағы жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының белгіленген мерзімде егілгені туралы мәлімет көрсетіледі. Өтініш түскеннен кейін аудан әкімінің шешімімен құрылған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) екі апта мерзімінде белгіленген Ереже талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері еккен егістік алаңдарында өскін болуын тексеріп, қабылдап алу актісімен қабылдауы қажет. 2015 жылдың 11 мамырында «Дәурен» шаруа қожалығы Меркі ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №575 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес 40 гектарға майлы дақыл (мақсары) сепкендігі жөнінде мәлімет береді. Бұдан кейін аудандық ВАК-тың қатысуымен мәлімет сараланып №193 қабылдау актісі жасалады және акт негізінде 2015 жылдың 14 шілдесінде 40 гектар майлы дақылды субсидиялау туралы өтінім беріледі. Өтінішке сәйкес аудандық ВАК-тың қабылдау актісінің шешімімен 40 гектар майлы дақылға 200,0 мың теңге субсидия төленеді. Ал «Дәурен» шаруа қожалығының төрайымы Несіпкүл Кезең­баеваның 2015 жылы аудандық ВАК-қа берген өтінішінде 61 гектар қант қызылшасы туралы мәлімет көрсетілмегендіктен, субсидия берілмегенін хабарлаймыз. Нұржан НҰРЖІГІТОВ, «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы