• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2016

Ресейлік белгілі мүсінші Эрнест Неизвестный қайтыс болды

386 рет
көрсетілді

Әлемге әйгілі мүсінші Эрнст Неизвестный 92 жасында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қайтыс болды. ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, мүсінші 1925 жылы туған. Ол Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, десантшы, Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. Ригада өнер академиясында оқыған, Суриков атындағы Мәскеу өнер институтын аяқтаған. Соғыстан кейін біраз уақыт Суворов училищесінде сызу пәнінен дәріс берді. 1955 жылы КСРО суретшілер одағы Мәскеу бөлімінің мүсін секциясының мүшесі атанған. Ал 1977 жылы АҚШ-қа көшіп, сол жақта шығармашылығын жалғастырды. «Асқазанындағы жайсыздықты сезген бетте-ақ «Стони Брук» ауруханасына жатқызылған болатын. Төбемізден жай түскендей болып отыр. Екі күн бұрын ғана көз алдымызда сау жүрген еді, бүгін таңертең шамамен сағат 8:00 кезінде қайтыс болды деген суық хабар келді», – деді мүсіншінің жақын досы Джефф Блюмис. Аян ӘБДУӘЛИ Фото: tass.ru