Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда ауыр атлетикадан 69 кг салмақтағы әйелдер арасындағы жарыс аяқталды. Онда қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл күміс медальдің иегері атанды.
Осылайша ол спорттың осы түрі бойынша Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тұңғыш қазақ спортшысы болып отыр.
Жұлқа жаттығуда 116 кг салмақты бағындырған қытайлық Сян Яньмей бірінші, 115 кг салмақпен тоқтаған Жазира Жаппарқұл екінші, 113 кг салмақты алған египеттік Сара Самир Мохамед Ахмед үшінші тұғырға көтерілді.
Жазира үшінші талпыныста 117 кг салмақты, ал Сян 118 килоны ала алмады.
Серпе көтеруде 145 кг салмақты бағындырған Сян Яньмей – бірінші, 144 кг-ны алған Жазира – екінші, 143 кг салмақпен египеттік Сара Ахмед үшінші болды.
Қоссайыста Сян Яньмей 261 кг (116+145) салмақпен бірінші, Жазира Жаппарқұл 259 кг (115+144) салмақпен екінші, 255 кг (112+143) салмақпен египеттік Сара Самир Мохамед Ахмед үшінші орынға орналасты.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ
Техникалық мәліметтер
XXXI жазғы Олимпиада. Рио-де-Жанейро (Бразилия), 10 тамыз
Ауыр атлетика. Әйелдер. 69 кг. 1. Сян Яньмей (Қытай) – 261 (116+145). 2. Жазира Жаппарқұл (Қазақстан) – 259 (115+144). 3. Сара Самир Мохамед Ахмед (Египет) – 255 (112+143).