• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Алғашқы адамдар неге қырылды?

1719 рет
көрсетілді

Жер бетіндегі алғашқы адамдар, яғни неандер­талдықтардың басым бөлігі киінуді білмегендіктен жойылып кеткен. Канадалық антропологтар осындай қорытындыға келіп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, алғашқы адамдардан кейінгі Homo sapiens, яғни епті адамдар алдыңғы аталарына қарағанда өмір сүруге біршама бейімдеу болғанға ұқсайды. Олар аулаған аңдардың етін ғана жемей, терісін киім ретінде пайдаланыпты. Керек болса, аңдардың ірі сүйектерін қару орнына пайдаланған болуы мүмкін. – Шынында да, алғашқы адамдар сияқты емес, кейінгілері өмір сүруге бейім болған. Олар теріден жеңі жоқ, бірақ денесіндегі жылуды сақтайтын киім жасауды үйренген. Әйтпесе, неандерталдықтар сияқты жойылып кетуі әбден мүмкін еді, – дейді ғалымдар. Антропологтар ежелгі адамдар өмір сүрген жерлерден табылған заттарға қарап, олардың немен қоректенгенін, қандай заттар тұтынғанын жорамалдауда. Үңгірлерден табылған киім қалдықтарына қарағанда, ертедегі адамдарды мамонт, аю, бұғы секілді аңдардың терісі аман алып қалған көрінеді. Нұрхан САМАРХАН