• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Рио – 2016: Шәкімова мен Шекербекова шаршы алаңды күтіп жүр

242 рет
көрсетілді

Биылғы Олимпиадада елімізден бокстан әйелдер арасында өтетін жарыстарға екі спортшымыз қатысады. Оның біреуі – Дариға Шәкімова, екіншісі Жайна Шекербекова. Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің Олимпиялық ойындардағы арнаулы тілшісі Бақтияр Тайжан спорттың осы түрінен әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюкпен кездесіп,  боксшылардың жарысқа дайындығы туралы сұрастырды. -Боксшылардың дайындығы қалай? -Дайындығы жақсы. Біз Рио-де-Жанейроға Олимпиаданың басталуына бірнеше күн қалғанда келдік. Жаттығуларды үзбей жасап жатырмыз. Дариға Шәкімова, өздеріңіз білесіздер, 75 килоға дейінгі салмақта, ал Жайна Шекербекова 51 килоға дейінгі салмақта қолғап түйістіреді. Жарысқа аз ғана уақыт қалды. Уақыт аз болса да, қыздарға үміт артып отырмыз. -Үміт артып отырмыз дейсіз. Екі жүлде алуға үміт бар ма? -Әрине. Мысалы, Жайна Олимпиадаға жақсы дайындықпен келді. Ол бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Астанада өткен әлем чемпионатында боксшы қызымыз бүкіл әлемге Қазақстанмен санасу керектігін көрсетті. -Дариға Шәкімова әлем чемпионатына қатыспады. Оның дайындығы қалай? -Дариға Олимпиадаға көп уақыт дайындалды. Ол лицензияны Қытайда өткен халықаралық турнирде алған соң әлемдік додаға қатыспады. Шәкімова Олимпиада осы дайныдығын көрсетуі керек. Оның қарсыластары оңай болмайды. Мысалы, АҚШ-тың боксшысы Кларесса Шилдс – Олимпиада және әлем чемпионы. Дегемен, Дариға олардан сескеніп отырған жоқ. Оның соққылары жақсы. Шаршы алаңды жақсы сезінеді, қорғаныста тапсырманы 100 пайыз орындайды. Бізге тек жанкүйерлердің қолдауы ғана керек. Басқасын өзіміз жасаймыз. Дастан КЕНЖАЛИН [caption id="attachment_55904" align="aligncenter" width="560"] Дариға Шәкімова[/caption] [caption id="attachment_55903" align="aligncenter" width="560"] Жайна Шекербекова[/caption] Фото: kfb.kz