• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2011

Ұмытылмас ұлағат

319 рет
көрсетілді

Өмір бір орнында тұрмайтындығы белгілі. Уақыт ағымы алға тартып отырады. Өзіміз куәгер болып жүргендей соның екпінді лебі әсіресе, еліміз тыныс-тіршілігінен ерекше сезіледі. Тегінде ірге беріктіруге, шаңырақ биіктетуге ұмтылыс әдетте жас мемлекеттерге тән. Бұл бізге де ортақ екендігі қуантады. Сүйікті Қазақстанымыз өз дамуының жаңа бір биік белесіне аяқ басқалы тұр қазір. Елбасымыздың демократиялық жолмен өсіп-өркендеудің, Ата Заңымызды ардақтаудың үлгісін көрсетіп, референдум орнына Президенттік сайлау өткізуді шешуі соған бастайды деп білеміз. Халқымыз аса қадір тұтатын Нұрсұлтан Әбішұлының қазақстандықтар қолдауына сәйкес өкілеттігін ұзартуға мүмкіндігі бар еді. Соған қарамастан сайлау арқылы сыннан өтуді қалауы даналық пен көрегендіктің тағы бір айғағы екені талассыз.Ол болашақ саясаткерлерге ұмытылмас ұлағат болар деп ойлаймыз. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің мүлдем танығысыздай өзгерісі көз алдымызда өтіп келеді. Осының бәрі Н.Ә Назарбаевтың ерен еңбегі мен салиқалы басшылығының арқасындағы жеңіс екендігі анық. Мемлекетіміздің мерейін өсіріп, алдағы асуларға ұмтылдыра беру тек қазіргі Елбасының қолынан келетініне сенімдіміз. Солай болуын қалаймыз. Бәріміздің жүрегіміздегі ой-тілек осы. Камали ДҮЙСЕНБЕКОВ, Қарағанды қаласының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері.