• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2011

Ардагерлер де, жастар да қолдайды

399 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» ХДП Ор­талық аппаратының баспасөз орта­лығында «Ауғанстан ардагерлері» республикалық қоғамдық бір­лестігінің төрағасы Бақытжан Ертаевтың қатысуымен брифинг болып өтті. Бұл шараға, сондай-ақ Астана қаласындағы ардагерлер ұйымдарының өкілдері де қатысты. Онда брифинг өткізу­ші­лер Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсынылған Нұр­сұл­тан Назарбаевтың канди­да­ту­расын қолдайтындықтарын мәлім етті. *  *  * Кеше сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының  кон­ференц-залында президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсету жөнінде респуб­ликалық жастар ұйымдары жетекшілерінің слеті болды. Сөз алған жастар жетекшілері Мемлекет басшысының сайлауалды науқанына белсене қатысуға дайын екендіктерін мәлімдеді. «Егемен-ақпарат».