• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Вице-министр тағайындалды

270 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қау­лы­сымен Алан Ғазизұлы Әжібаев Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды. Ол 1974 жылы 22 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген, деп хабарлады Ақпа­рат және коммуникациялар министрлігінің бас­пасөз қызметі. Бірнеше рет журналистика және телерадиохабарларын тарату бойынша түрлі халықаралық семинарлар мен көрмелердің қатысушысы болған, Ланкшир университетінің (Ұлыбритания) «БАҚ Менеджменті» серти­фи­катының иегері. 2016 жылғы қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болған, Қазақстан Республикасы Президенті Алғысының иегері, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Соңғы жаңалықтар