2011 жылдың 15 ақпанында қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауытының өкілдері кәсіпорынның 2010 жылғы жұмыс қорытындысын ортаға салды және ағымдағы жылдың келешектегі жобаларын іске асыру жоспарын ашты.
25 мыңыншы көліктің шығу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Әбденов, «Бипэк-Авто», «Азия-Авто» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы А. Балушкин, «Азия-Авто» АҚ президенті Ержан Мандиев, зауыт еңбеккерлері қатысты.
Кездесуге себеп болған жәйт – зауыт конвейерінен шыққан 25 мыңыншы автомобиль. Ол Қазақстанның ғана жаңа үлгісі емес, дүнижүзілік автоөнеркәсіптің ең жаңа үлгісі болып табылатын – седан Chevrolet Cruze.
2010 жыл «АЗИЯ АВТО» АҚ үшін өндірісті және маркетингті дамытуда алға шығу жылы болды. KIA Motors арқылы зауыт төртінші стратегиялық серіктесін тапты, ал Қазақстанның сатып алушылары ең ірі дүниежүзілік автоконцерннің технологиялық жаңалықтарына қол жеткізе алды. Өскемен қаласында KIA-ның үш жаңа үлгісін шығару ынтымақтастықтың алғашқы нәтижесі болды. Олар: седан Cerato, төтелегіш Mohave және кроссовер Sorento.
Сол кезеңде кәсіпорын конвейерінде «АЗИЯ АВТО»-ның басқа серіктесі – General Motors компаниясы үлгілерінің тұңғыш көрсетілімдері болды. Олар: седан Chevrolet Cruze және Chevrolet Aveo үлгілік модельдері. Жыл аяғында Skoda автомобильдері желісінде Yeti кроссовері және Fabia компакт-каро пайда болды.
Үлгілік қатарды екпінді кеңейту, зауыттың рыноктағы позициясын нығайтуға серпін беріп, өндіріс көлемінің елеулі өсуіне әкелді. 2010 жылдың қорытындысы бойынша ол төрт мәрте ұлғайды және 3 099 автомобильдер көрсеткішіне жетті, ал «АЗИЯ АВТО»-ның нарықтық үлесі (жаңа жеңіл автомобильдері сегментінде) өткен жылдың төртінші тоқсанында 20% табалдырығынан асты.
Компанияның табысы қаржылық көрсеткіштің динамикалық өсуін қамтамасыз етті. Зауыттың өз өнімін сатудағы ақшалай түсімі өткен жылы екі есе өсіп, 7 336,7 млн. теңге межесіне жетті, ал 2009 жылы тіркелген залал орны, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 361,4 млн. теңге мөлшеріндегі таза пайдамен толтырылды.
Бұл пайдалы бастаманы біз үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде заманауи басқару технологияларын енгізу жөніндегі бағдарламаға қатысушылар ретінде іске асырамыз, дейді «АЗИЯ АВТО» АҚ басшысы. – Мемлекеттік демеумен біз тағы да бір жобаны іске асыруға кіріспекпіз, ол – жұмыс істеп тұрған өндірістің логистикалық инфрақұрылымын кеңейту, яғни қосымша темір жолдар мен контейнер алаңдары құрылысы. Бұл жоспарларды іске асырсақ, біз құрастыру кешенінің жалпы шығарылым өндірімділігін қазіргі жылда жұмысшыға 188 мыңнан 2013 жылға 307 мың долларға дейін өсіре аламыз және біздің логистикалық жүйеміздің қызмет көрсету мүмкіндігі жылына 60 мың автомобиль шығаруға жетеді
Қаржыландыру «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде қамсыздандырылатын болады. Мандиев мырза айтқандай, жаңа логистикалық «қақпаларды» жасау кәсіпорынға өндіріс көлемін өсіру мүмкіндігін береді, сөйтіп ағымдағы жылда қосымша 200 жұмыс орнын ашуға талап ететін болады. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша кәсіпорын штаты 900-1000 қызметкерлерге дейін ұлғаяды.
Жыл ерекше өнімді болады. Наурызда біз KIA бренді буынының ең жаңа төрт үлгісін өндіріске шығарамыз, деді «АЗИЯ АВТО» АҚ перезиденті. Бұл компакт-кроссовер KIA Soul, паркетті төтелегіш KIA Sportage, бизнес-седан KIA Optima және салиқалы седан KIA Cadenza. Олардың өтімді боларына күмәніміз жоқ. 2010 жылдың мамыр айындағы шығарылымға өзгеріс енгізген осы маркадағы үш үлгі тағдырына көз салсақ, KIA сол жылдың күзінде Қазақстанда ұсынылған шетел брендтері арасында сатылым көлемі бойынша үшінші орынға шыққанын көреміз.
Өткен жылы Chevrolet Қазақстандағы сатылым көлемі бойынша төртінші шетел бренді болды, ал Ресейде шетел маркалары арасында ең көп сатылған болып танылды. Бүгінде біз Ресей рыногына жаңа үлгілерді жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
Ержан Мандиевтің пікірі бойынша, бұл мәселе қазақстандық сатып алушылар үшін 1 шілдеден кейін, яғни жеке тұлғалар үшін автомобильдерді әкелудегі жеңілдік тоқтатылғанда жаңаша сипатқа ие болады.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша қазақстандық өндіріс автомобильдерін сатып алушыларға арналған несие жөніндегі пайыздық салымдарды қаражаттандыру қарастырылған. Бүгін Үкімет осы форматтағы автонесиелердің қолжетімді механизмдерін талқылауда. Өйткені, Кеден одағының тауар енгізу баждары «сэконд-хэндті» сатып алуды тартымсыз қылады. Бірақ, жаңа автомобильді сатып алу көбінесе қолжетімді несиелік қаражатты талап етеді. Мемлекет оның жетімсіздігін толтыра алады және сонымен қатар саланың дамуына қажетті импульс бере алады.
«АЗИЯ АВТО» басшысы кәсіпорынның толық кезеңдік зауыттың инфрақұрылымын жобалау жөніндегі жұмысын, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен берілген алаңда электр және жылумен қамтамасыз ету көздерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты. Толық кезеңдік зауытты жасау жобасы республикалық индустрияландыру картасына енгізілген. Жасалып жатқан кәсіпорынның жобалық қуаттылығы бір жылда 120 мың автомобильді құрайды, алдын-ала жасалған болжам бойынша ол еліміздің ішкі жалпы өнімін 1,8 млрд. АҚШ долларына толықтырып, 12 мың қазақстандықты еңбекке орналастыруға мүмкіндік береді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Сурет автордікі.