• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2016

«Есіл» Еуропа алтынын еншіледі

220 рет
көрсетілді

Жақында Мажарстанда шағын футболдан әуесқой футболшылар арасында Еуропа чемпионаты өтті. Онда Қазақстан құрамасы финалда Хорватия командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Содан кейін пенальти сериясында жерлестеріміз 6:5 есебімен ұтты. Кездесудің негізгі уақытында Ахмет Шәріпов дубль жасады. Сөйтіп, еліміз құрамасы алғаш рет шағын футболдан әуесқойлар арасындағы Еуропаның басты додасында жеңді. Бұл сынға сайдың тасындай іріктелген 32 команда қатысты.  Олар 8 топқа бөлініп ойнады. Қазақстан С тобында Босния және Герцоговина, Австрия және Литва құрамаларымен кездесті. Плей-офф кезеңіндегі 1/16 финалда Германиямен ойнап, 1:1 есебімен аяқталған матчта пенальти сериясында басым түсті. Одан кейін 1/8 финалда Мажарстанды 5:1, ширек финалда Босния және Герцоговинаны 3:1 етіп ұтса, жар­­тылай финалда Чехиядан 3:0 есебімен басым түсті. Еуропа додасына еліміздің  атынан «Есіл» командасы қатысты. Бұл клуб Астана қаласының әуесқой футболшылар лигасында өнер көрсетеді. Олар қалалық лиганы жеңіп алғаннан кейін Қазақстан чемпионы атанып, Еуропа додасына жолдама алған болатын. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»