Қытайда алдағы бес жылда мүгедектерге арналған Оңалту университеті ашылады. Бұл жөнінде журналистерге Бүкілқытайлық мүгедектер федерациясының төрағасы Чжан Хайди мәлім етті. Бұл туралы ақпаратты Синьхуа агенттігі хабарлайды. Бұл бағыттағы жұмыстар 2016-2020 жылдар аралығында іске асатын болады. Жаңадан құрылатын оқу орны мүгедектердің саны мен сапасын жақсартуға, облыстағы оңалту медицинасына мамандар дайындауға мүмкіндік береді, – дейді Чжан Хайди.
Қазіргі уақытта оңалту мамандықтары бойынша Қытайда 70 жоғары оқу орны ашық. Жыл сайын 8000-нан аса маман бітіріп шығады, алайда, бұл сұранысты қанағаттандыра алмайды. Бұл мәселені шешу үшін алдағы бес жылда мамандандырылған оқу орнын құрамыз, – дейді Чжан Хайди.
Айман МҰҚЫШЕВА