• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2016

Тамерлан – алтын, Қаһарман күміс алды

335 рет
көрсетілді

Осы күндері Фран­цияның Макон қаласында күрес түрлерінен жастар арасын­дағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл дода Қазақстан балуандары үшін сәтті бас­талды. Чемпионаттың алғашқы күні грек-рим күресінен Тамерлан Шадукаев əлем чемпионы атанды. Ол 74 кило салмақта күш сынасып, финалда Румыния спорт­шысы Мариэні 6:1 есебімен жеңді. Бұл – Қазақстанның әлем чемпио­натындағы 2009 жылдан бергі алтын жүлдесі. Осыдан кейін Қаһарман Қис­метов грек-рим күресінен елімізге тағы бір жүлдені сыйлады. Ол 66 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде финалда грузин балуанына ғана есе жіберіп, күміс медальді иеленді. Сөйтіп, әлемдік додада «классиктер» бір алтын, бір күміс медальмен жарысты аяқтады. Ендігі кезек – бойжеткендерде. Одан кейін кілемге еркін күрес балуандары шығады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»