• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2016

Жаңа сессиядағы алғашқы бюро отырысы

231 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жаңа сессиядағы алғашқы бюро отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі қаралды. Халық қалаулылары назарына «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау ұсынылады. Сонымен қатар, тағы да бірқатар ратификациялық құжаттарды жұ­мысқа қабылдау көзделген. Олар: Қа­зақстан Үкіметі мен Атом энергия­сы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстанда Атом энергия­сы жөніндегі халықаралық агенттіктің Тө­мен байытылған уран банкін құру, Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімдерді, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде екі елдің уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құ­жат­тарды тану тәртібі туралы ноталар ал­масу нысанындағы үкіметаралық келі­сімді ратификациялауға қатысты болмақ. Осы күні экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл және де жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ. Сондай-ақ, бюро Парламент Мәжілісінің жанынан БАҚ өкілдерін аккредиттеу ережесін бекітті.