Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мектеп пайдалануға берілді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұлардың екеуі мектебі жоқ елді мекенде, қалғандары үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің орнына салынды. Жаңа мектептердің ең үлкені Шымкент қаласында бой көтерген.
«Алдағы үш жылда оңтүстік өңірде білім саласына қатысты проблемалар, оның ішінде мектеп төңірегіндегі түйткілді мәселелер толық шешіледі», – дейді облыстық білім басқармасының өкілдері.
Биыл облыс бойынша 73 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Талғат РАЙЫМБЕК