• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2016

Алматы облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

449 рет
көрсетілді

Алматы облысының Алакөл ауданы Ақши ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылуында Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев қатысып, тұрғындарды құттықтады. Дәрігерлік амбулаторияда соңғы үлгідегі заманауи медициналық қондырғылар орнатылған. Мұнда науқастар мен медициналық көмекке жүгінген азаматтарға сапалы амбулаториялық көмек көрсету үшін барлық қажеттіліктер қарастырылған. Ауылдық амбулатория құрылысына жергілікті бюджеттен 163,9 млн теңге бөлінді. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ